Мемлекет басшысы ЕҚҚДБ президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ЕҚҚДБ президентімен кездесті

05.02.2021

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті. Онлайн форматтағы жүздесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны қаржылық институтқа президент болып сайлануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында автомобиль жолдарын салу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, Қазақстандағы гидроэнергетика мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Еуропалық қайта құру және даму банкі - Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Екіжақты ынтымақтастық жылдарында қаржылық институт біздің елдің экономикасына, атап айтқанда 300-ге жуық жобаға 9 млрд доллардан астам инвестиция салды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, түрлі саладағы серіктестігіміз нығая түседі деген сенімдемін. Болашақта әріптестік аясында қандай іс-жоспарларыңыз бар?
Одиль Рено-Бассо, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті:
-Біз Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, жемісті жұмыс істеп келеміз. Сол үшін мен өте қуаныштымын. Банк Қазақстан Үкіметпен тығыз ынтымақтастық орнатуға және энергетика, инфрақұрылым, инвестиция салалары бойынша жобаларды белсенді дамытуға дайынбыз.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу