Кеше ғана «сары» аймаққа ауысқан Батыс Қазақстан қайтадан қауіпті аймаққа енді. Осылайша, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан әлі «қызыл» аймақта тұр. Ал, «сары» аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты, олар «жасыл» аймақта.
Вирустың таралуына келсек, кеше бір күнде 1280 адам індетке шалдыққан. Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 191 мыңнан асты. Сондай-ақ, 82 адамнан вирусты пневмония анықталып, 2 науқас қайтыс болған.
Амангелді Сейітхан