Павлодарда жасөспірімдер уланған орталықтың 4 қызметкері жұмысынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жасөспірімдер уланған орталықтың 4 қызметкері жұмысынан босатылды

04.02.2021

Павлодарда тәрбиеленушісі антисептиктен уланып қайтыс болған балаларды қолдау орталығының 4 қызметкері өз еріктерімен жұмыстан кетті. Ал, мекеме басшысы оқыс оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке жария болғаннан кейін ғана қызметтен кетуге өтініш берген. Естеріңізге сала кетейік, орталықта тұрып жатқан үш қыз санитайзердегі сұйықтыққа су араластырып ішкен. 17 жастағы қыз бала бірден тіл тартпай кетті. Ал, екі құрбысы ауруханаға түскен болатын. Емделіп шыққан қыздардың бірі Шығыс Қазақстан облысындағы тәрбиесі қиын балаларға арналған мектеп-интернатына ауыстырылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:
-Орталықтың басшы орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәрбиешілер мен медициналық медбикеге осындай шаралар қолдандық. Сонымен қатар өзінің жеке өтініштері негізінде 1 медбике, 2 тәрбиеші көмекшілері, қарауыл жұмыстан босатылды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу