Жыл сайын қатерлі ісіктен 14 мың адам көз жұмады
Жыл сайын елімізде 14 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады. 190 мыңға жуық қазақстандық диспансерлік есепте тұр. Науқастар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған. Бұл туралы бас онколог Диляра Қайдарова айтты. Оның сөзінше, халықтың басым бөлігі дер кезінде тегін онкоскринигтен өтпейді. Ауруды асқындырып алғанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ бас онколог осы дертпен ауыратын науқастарға COVID-19 жұқтыру қауіпті екенін де ескертті. Мәселен, былтырдан бері онкологиялық аурумен ауыратындардың екі жарым мыңы инфекция жұқтырып, оның 30-ға жуығы көз жұмған.
Диляра Қайдарова, Қазақстанның бас онколог дәрігері:Жыл сайын скринингтік бақылаудан өтудің пайдасы зор. Өйткені қатерлі ісік бірінші және екінші сатысында байқала бермейді. Сондықтан аурудың алдын алып, тексеріліп тұру қажет. Обырмен күресуге мемлекет есебінен қаражат бөлініп отыр. Қатерлі ісікті анықтау және оны емдеу тегін екенін тағы да ескерткім келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13