Халықтың құқығын бұзғаны үшін қаржы ұйымдарына 127 млн теңгеден аса айыппұл салынды
Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржылық ұйымдар мен сақтандыру компанияларына 127 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі халықтың құқығы мен заңды мүддесін бұзғаны үшін 250-ден аса әкімшілік жаза қолданған. Агенттік заңсыздықты былтыр өткізген бақылау кезінде анықтады. Банктер азаматтың келісімінсіз кредиттік бюроларға ақпарат таратқан, рұқсатсыз кредиттік есеп алған. Осы әрекеті үшін оларға 38,8 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылды. Ал сақтандыру компаниялары соғылған көлікті тексерместен, келтірілген залалды есептеп шығарған. Мұндай заңсыз әрекетке барғаны үшін компаниялар 2 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09