Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес құрылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес құрылуы тиіс

02.02.2021

Білім беру жүйесі әлемдік өзгерістерге сәйкес қайта құрылуы тиіс. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жоғарғы палата жанындағы жас сарапшылар клубының отырысында осылай деді. Пандемия салдарынан салада қиыншылықтар орын алғанмен, оқу жүйесіне жаңа әдістерді енгізу қажеттігін көрсетті. Бұл ретте қашықтан білім беру әлеуетін кеңінен қолдануымыз қажет. Яғни, білім саласы заман көшінен қалмай, әлемдегі жағдайға бейімделуі тиіс, - дейді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Қазақстандық білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы - мемлекетіміздің негізгі басымдықтарының бірі. Президент халыққа арнаған Жолдауында бірқатар маңызды міндеттер алға қойды. Жалпы, елімізді жаңғырту бағдарламалары аясында осы салаға баса назар аударылып отыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу