Enpf-otbasy.kz. Порталда берілген өтінішті өзгерту тетігі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Enpf-otbasy.kz. Порталда берілген өтінішті өзгерту тетігі іске қосылады

02.02.2021

Жақын күндері 50 мың адам зейнетақы жинағын пайдалана алады. Салымшылардың өтініші арнайы шотқа ақша аудару сатысында тұр. Бұл туралы «Отбасы банкінің» төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті. Жалпы бүгінге дейін 80 мыңнан аса адам өтініш берген.

Жұрттың көбі қазір жинағынан дәмелі. Өтінім бергендердің алғашқы легі алып та үлгерді. Солардың бірі - алматылық Данияр Мұстафинов.

Данияр Мұстафинов, Алматы қаласының тұрғыны:
-Ол ақшаны ипотекамды жартылай қарызын өтеуге жұмсаймын. Басынан бастап сол мақсатта көзделген болатын ол ақша. Бұл өте тиімді. Отбаслыық бюджетке жеңілдігін тигізеді.

Сонымен алғашқы 10 күнде 80 мыңнан астам салымшы жинақтағы ақшасын алуға ниет білдірген. 212 миллирд теңгеге өтінім мақұлданды. 9000-ға жуық салымшының шотына ақша аударылып та қойды. Алдағы күндері тағы 50 мың адамның шотына қаржы түседі.

Дегенмен, кейбір өтінімдер қабылданбай, кері қайтарылуда. Өйткені, ереже әлі де ескерілмей жатыр. Айталық, салымшы тиесілі соманы асыра көрсетеді. Бір өтінішті бірнеше рет жолдаған. Тіпті, жинағы жоқтар да жіберген. Ал, егер тұтынушы бастапқы мақсатын өзгертіп, қаржыны басқа бағытқа жұмсауды шешсе, оған шектеу жоқ. Яғни, азамат алдымен қарыздарын өтегісі келіп, кейін ипотекаға жаңа пәтер сатып алғысы келуі мүмкін. Сондықтан қазақстандықтарға ыңғайлы болуы үшін enpf-otbasy.kz порталында тиісті тетік жаңартылып жатыр. Бұдан басқа, пәтерді жөндеуге де ақшаны жұмсауға болады. Тек, кей жағдайларда ғана.

Жансұлтан Матаев, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақ орталық филиалының директоры:
-Егер әрленбеген пәтерді сатып алып және де оған жөндеу жұмыстарының ақшасын қосып алуға болады. Сәйкесінше бұл жерде ақша ешқайда аударылмайды. Яғни сатып алған алған пәтеріңіздің құны сатушыға аударады немесе сатып жатқан компанияға аударады. Ал жөндеуге қалған ақшаңыз ағымдағы есепшотыңызда қалады. Бұл тек «Отбасы банкінен» несие алған жағдайда. Яғни, ағымдағы есепшотыңыздағы ақшамен өзіңіз құрылыс материалдарын сатып ала аласыз.

Сұраныстың артуына байланысты баспана бағасы аспандап жатыр. Сондықтан, мамандар үй алуда асықпаған дұрыс деп есептейді. Баға жазға таяу қалыпқа түседі.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банкі» ақ басқарма төрайымы:
-Күте тұру керек. Меніңше, биыл мамыр мен маусым аралығында баға мәселесі өткен жылдағыдай болады. Қазіргі жағдай бойынша баспана бағасы сатушының нарығына тәуелді. Үй сататындар мол пайдаға кенелгісі келеді. Бірақ, уақыт өте нарық өзінің бұрынғы қалпына келеді.

Енді азаматтардың зейнетақы төлемдерін біріктіруге де мүмкіндік бар. Мысалы, қарызды өтеу үшін өтінім жібергенде бірден қосымша салымшыны, яғни туыстарының бірін тіркеуге болады. Қазір жетілдіріліп жатыр. 10 күн ішінде іске қосылады деп отыр мамандар.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу