Бозжырадағы конақүй шатқалдан 4 шақырым қашықта салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бозжырадағы конақүй шатқалдан 4 шақырым қашықта салынатын болды

02.02.2021

Бозжыра шатқалында қонақүй кешені салынатын болды. Бірақ туристік нысан шатқалдан 4 шақырым қашықта орналасады. Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы Бозжыра табиғи қорығы аумағына визит-орталығын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшілік қарсылық білдірген. Сөйтіп, Президент Үкіметке жобаны қайта қарауды тапсырған. Қоғамдық кеңес мүшелері, эколог-сарапшылардың пікірі ескеріліп, қонақүй салу үшін жаңа орын қарастырылды. Инвесторлардың айтуынша, сапар орталығы шатқалдан алыста орналасады. Яғни, Жабайұшқан қорығының аумағына ешқандай құрылыс салынбайды. Жобаға қатысты қоғамдық тыңдау Сенек ауылында өтті. Келесі кездесу алдағы жұма күні Құрық ауылында болады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу