Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға QR-код беріледі - Цой
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға QR-код беріледі. Кодта адамның иммундық мәртебесі туралы ақпараттар жазылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпаратпен қамтылған QR-кодтарды енгізу үшін e-govMobail мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланп отыр, ол Ashyq медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда азаматтардың коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен-өтпегені туралы деректер жинақталады», - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін жаңа мобильді қосымшаны тестілеуден өткізіп жатқаны, қазақстандықтар СOVID-19-ға байланысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлініп, кейбір мекемелерге QR-код арқылы кіргізілетіні хабарлан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Мақатаев: Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын
09.02.2026, 20:24
Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
09.02.2026, 20:20
Конституцияның жаңа жобасындағы әнұран сөзін ауыл тұрғыны ұсынған
09.02.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы – қоғамдағы оң өзгерістің негізі
09.02.2026, 20:16
Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын талқылады
09.02.2026, 20:15
Жаңа Ата заң жобасы – саяси жүйені жаңғыртудың басты тетігі
09.02.2026, 20:12
Жаңа Конституция: «Мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз
09.02.2026, 20:10
Ата-анаға қамқорлық жасау – конституциялық міндет
09.02.2026, 20:08