Алматыда 200-ге жуық адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 200-ге жуық адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырды

01.02.2021

Алматыда да 200-ге жуық ерікті COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды. Олардың арасында қала әкімнің орынбасары, шаһардың бас санитар дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы бар. Мегополиске жеткізілген «Спутник -V» екпесі алдымен вирус жұқтыру қаупі жоғары дәрігерлерге салынады. Вакцинаны салдырмас бұрын адам алдымен тексеруден өтеді. Дәріге аллергиясы бар-жоғы анықталып, дене қызуы мен қан қысымы өлшенеді. Екпеден кейін бекітілген қаулы бойынша жарты сағат бақылауда болуы тиіс.

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері:
-Бұл екпе маған оңай өтті. Одан ешқандай қиыншылық күткен жоқпын. Неге десеңіз бұл Ресей Федерациясында 2 млн-нан аса халыққа егілген. Алдын ала барлық вакцинаторларды дайындап шықтық. Олар аттестациядан өтті.


Хабарламаларға жазылу