ШҚО-дағы мектептегі апатқа қатысты комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы мектептегі апатқа қатысты комиссия құрылды

20.11.2017

Шығыс Қазақстандағы апат болған мектепте жапа шеккен 3 оқушы жансақтау бөлімінен шығарылып, жарақат бөліміне ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка ауылының мектебінде бірнеше күн бұрын сынып бөлмелерінің бірінің төбесі опырылып түсіп, 4 бала мертігіп қалды. Дәрігерлердің айтуынша, үшеуінің жағдайы бірқалыпты еді. Мамандар кеңесін алған соң тағы бір оқушы үйіне жіберілді

Мейір Қуанышұлы, дәрігер-хирург:

- Осы үш баланың жағдайы орташа дәрежеде деп танылды. Қалыпты емдерін алып жатыр. Өмірлеріне қауіпті өзгеріс байқалмайды. Тек қана қатты соққының әсерінен жұмсақ тендердің зақымдалуы және баc-ми жарақатының жеңіл дәрежесі.

Мектептегі апатқа қатысты қазір арнайы комиссия құрылды. Олар балалардың емделуіне жұмсалатын шығынды есептеп, аудандық бюджеттен өтеп бермек. Ал, мектеп ғимараты төбесін жөндеу жұмыстары осы аптада басталмақ.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу