І топтағы мүгедектігі бар адамдардың күтушілеріне жәрдемақы тағайындалуы мүмкін
Осыны көздейтін заң жобасы қазір Мәжілісте талқылаудан өтіп жатыр. Құжат мақұлданып жатса, 24 мыңдай адамға жәрдемақы төленуі мүмкін. Сондай-ақ заң жобасында мүмкіндігі шектеулі балаларды жасына қарай топтарға бөліп, әртүрлі жәрдемақы төлеу көзделген. Әрі оларға төленетін ақшаны 16 пайыздан 37 пайызға дейін көбейту мәселесі қарастырылған. Ол үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ дейді министр. Айта кетейік елімізде мүмкіндігі шектеулі 31 мыңнан астам ұл-қыз бар.
Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:-Мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедек баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілген. Бұл норма мүгедек балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Бұдан басқа, ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20