Алматыда арнайы операция кезінде екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда арнайы операция кезінде екі күдікті ұсталды

13.11.2017

Алматыда кеше түнгі 11.00-лер шамасында Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылғы тумалары.

Қолға түскендердің көліктерін тінту кезінде жарық-дыбыстық автомат, пышақ және бронды кеудеше тәркіленді. «Екі күдікті де бұған дейін қару, есірткі сақтағаны әрі алаяқтық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Енді олардың тағы қандай қылмыстарға қатысы бар екендігі тексеріліп жатыр. Ал, операцияны көзімен көрген куәгерлер «автоматтан оқ жаудырды», деп әлеуметтік желілерге суреттер мен бейнежазбалар жариялаған болатын. Алайда, қалалық Ішкі істер департаментінің Баспасөз қызметі атыс болғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтындығын айтты. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу