Доллар тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар тағы қымбаттады

29.01.2021

Доллар тағы қымбаттап жатыр. Қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. АҚШ ақшасы - 424, Еуро - 515, Рубль - 5 теңге 50 тиынға тең.

Осылайша доллар бір апта ішінде 6 теңгеге қымбаттап отыр. Десе де валюта айырбастау орындарында көк қағаз 426, 427 теңгеден сатылып жатыр. Ал сарапшылар алаңдауға негіз жоқ. Еркін айналымдағы теңгенің нарыққа сай құбылуы деп отыр. Айтуларынша биыл ұлттық валютамыз долларға шаққанда 420 теңге көлеміне болады деп болжап отыр. Валюта нарығындағы тұрақсыздық қазір төл ақшамыздың арзандауына әсер етіп жатыр дейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу