Авиакомпаниялар былтыр 370 млрд доллар шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Авиакомпаниялар былтыр 370 млрд доллар шығынға батты

28.01.2021

Пандемия салдарынан әлемде әуе тасымалы 2003 жылғы деңгейге дейін түсіп, жолаушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 60 процентке қысқарған. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мәліметінше, әуежайлар 115 млрд доллар шығынға ұшыраған. 2020 жылы қаңтарда әуе тасымалы тек бірнеше елде тоқтаса, наурыз айында қызмет мүлде тоқтап қалған. Әлем елдері шекарасын жауып, карантин талабын енгізген уақытта жолаушылар саны 92 процентке азайды. Ал ішкі әуе қатынасы 87 пайызға қысқарған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу