Кәсіподақ федерациясының басшысы Мәжіліс және мәслихат депутаттарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақ федерациясының басшысы Мәжіліс және мәслихат депутаттарымен кездесті

28.01.2021

ҚР Кәсіподақ Федерациясы мәжіліс және мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Жиында кәсіподақ төрағасы халық қалаулыларына бірнеше ұсыныс айтты. 

Еңбек кодексі, қоғамдық бақылау мен кәсіподақ туралы заңдарды қайта қарау кезінде оған енгізілетін өзгерістерді мұқият сараптауды ұсынды. Әрі кәсіподақ өкілдері жаңа сайланған депутаттарға сенім білдіріп, халықтың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау үшін бірге еңбек етуге шақырды.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу