Қарағандыда 28 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікпен  Шахтинск тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 28 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікпен  Шахтинск тұрғыны ұсталды

30.10.2017

 

 

Қарағанды қаласы маңындағы Ақтас кентінде такси жүргізушісі болып істейтін 28 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікпен  Шахтинск тұрғыны ұсталды. 

 

27 қазан күні Юлия Стонкус өзінің мерседес көлігімен жолаушыларды Шахтинск қаласына алып кеткен. Содан бері із-түзсіз. Ал, келесі күні Юлияның денесі Федоров су қоймасының маңынан табылды.

 

Қаніпезерлер оны басынан ұрып өлтірген. Марқұмның артында 2 жастағы қызы қалды.

 

Жедел іздестіру барысында қолға түскен 32 жастағы күдікті  бұрын да істі болған. Ол өзімен бірге екі сыбайласының болғанын айтқан.

 

Бақытжан Құдияров, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Екеуінің арасында жолақысына қатысты дау шығып, күдікті 28 жастағы такси жүргізушісін ұрып өлтірген. Осыдан соң күдікті өзінің екі танысын шақырып, мәйітті жасыруды бұйырған. Қазір үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу