Туризм саласын дамытуға 1,1 трлн теңгеге жобалар іске асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласын дамытуға 1,1 трлн теңгеге жобалар іске асады

27.01.2021

Биыл туризм саласын дамыту үшін 1 триллион 100 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары іске аспақ. Қыруар қаржы туризм саласын дамытып қана қоймай, 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осы саладағы жұмысшылар саны 50%-ға артады деген болжам бар. Ал ішкі туристік ағынды 22 пайызға көбейтіп, 4,5 млн адамға жеткізу көзделген. Бұлай болған жағдайда туризмнің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5,2 пайызға жетпек. Іске асатын жобалардың бірі Түркістан-Шымкент-Ташкент бағытында жоғары жылдамдықты темір жол желісін салу.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу