Өткен тәулікте 1266 адам вирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1266 адам вирус жұқтырған

26.01.2021

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Эпидахуалды бағалау матрицасында қазір елордамен қатар, Алматы, Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «қызыл» аймақ тізімінде. Қарағанды облысы «сары» аймақта. Ал елдегі эпидахуалға тоқталсақ, кеше бір тәулікте 1266 адам вирус жұқтырған. Инфекция белгілері бар пневмонияға 8 адам шалдықты. Өкінішке орай коронавирус салдарынан 15 науқас қайтыс болған.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу