Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтпақ

25.01.2021

Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтпақ. 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Онда квазимемлекеттік жобаларды азайтып, жеке сектордағы кәсіпкерлікті қаржылай қолдау көздерін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы басқарма төрағасы Абай Сарқұлов мәлімдеді. Жалпы, пандемияға қарамастан былтырғы жылғы қорытынды бойынша нәтиже жоғары. Өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 506,2 млрд теңгеге инвестиция құйды әрі 34 ірі жобаны қаржыландырған.   

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу