Ақтөбеде күнбағыс майын өндіруші компанияға қатысты тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде күнбағыс майын өндіруші компанияға қатысты тергеу басталды

25.01.2021

Кәсіпорын бағаның қымбаттауына жол берген. Нақтырақ айтсақ, компания өнімді сауда орындарына тікелей жеткізуден бас тартқан. Екі ортада делдалдардың саудасы қызған. Бұл жөнінде монополияға қарсы комитеттің облыстық департаменті жүргізген талдауы нәтижесінде анықталып отыр. Қазір бұл жағдайға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Гүлсара Қалиева, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің бас маманы: 
-Қазіргі таңда монополияға қарсы тергеу тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша егер бұл факт анықталса монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады. 

Жақсыбек Кемал 


Хабарламаларға жазылу