«Ковидтен кейінгі синдром» аурулардың халықаралық тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ковидтен кейінгі синдром» аурулардың халықаралық тізіміне енді

24.01.2021

Коронавирустан жазылып шыққандардың арасында өз-өзіне келе алмай жүргендер аз емес, оны мамандар «ковидтен кейінгі синдром» деп атай бастаған. Психика сыр беріп, апатия туып, тіпті суицидтік ой тууы мүмкін көрінеді. Мұндай ахуалда жүрген адамды жақындары, ғана емес, тіпті дәрігерлер түсінбейтіні айтылып жатыр. Себебі дәрігерлердің бәрінің бұл синдром жайлы ақпараты жоқ. Дегенмен шетелдік зерттеулер шыға бастады. Былтыр қарашада медициналық қауымдастық арасында беделді Lancet журналында Оксфорд университеті ғалымдарының мақаласы шыққан: АҚШ-тың ковидпен ауырған 62 мың тұрғынының медициналық карталарына анализ жасағанда емделіп шыққаннан кейін 3 айдан соң әрбір бесіншісіне психикалық жағынан нашарлау диагнозы қойылған.

Ал мәскеулік дәрігер-ғалым П.Воробьевтың пайымынша, мұның себебі – ковидке ауто-иммундық реакция әсерінен нерв тканьдері, оның ішінде мидағы, бүлінеді. Бұл бүкіл организмнің балансын бұзады. «Үнемі шаршау синдромы» деген ауру бар, ковидтен кейінгі синдром екеуінің симптомдары ұқсайтын көрінеді.   Айтпақшы ДДҰ «ковидтен кейінгі синдромды» аурулардың халықаралық тізіміне енгізді.  

Иә, коронавирус, коронавирус пандемиясы барлық адамның емес шығар, дегенмен өмірге, көп дүниеге деген көзқарасты өзгертуге, тіпті соған сәйкес дағдыларды өзгертуге жеткізді. Әсіресе денсаулыққа келгенде «тек өзіңе сен» қағидасы жүретіні анық байқалды. Ақерке Бектастың материалы. 


Хабарламаларға жазылу