Өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырған

22.01.2021

Елордаға шет елдерден ПТР-анықтамасыз ұшып келген 10 адамнан коронавирус анықталды. Қазір олар қатаң бақылауға алынды. 

Ал, енді елдегі эпидахуалға тоқталсақ, жағдай күн санап күрделеніп барады. Кеше мың төрт жүз отыз адам коронавирус жұқтырған. Ал, инфекция белгілері бар пневмонияға 96 адам шалдығып, 2 науқас қайтыс болған. Әлі де 25 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатыр. Олардың ішінде 50 пациенттің жағдайы өте ауыр, 39 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Хабарламаларға жазылу