Лауазымды тұлғалар сыйға келген 200-ден аса затты мемлекетке өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымды тұлғалар сыйға келген 200-ден аса затты мемлекетке өткізді

21.01.2021

Былтыр лауазымды қызметтегілер сыйға алған 200-ден аса затты мемлекетке тапсырды. Шенеуніктерге келген сыйлықтың 18-і 160 мың теңгеге сатылды. Ал 30 сыйлық 960 мың теңгеден аса қаражатқа бағаланып отыр. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлерге берілген ең қымбат сыйлық құны 600 мың теңгеден асатын ұялы телефон. Ал ең арзан сыйлық 800 теңге тұратын пластикалық гүлдер мен тәттілер. Шенеуніктерге келген сыйлық аукцион арқылы сатылады. Еске салайық, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын азаматтар сыйлықты алған уақыттан бастап 7 күн ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыруға міндетті.   

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу