Премьер-Министр Түркістан қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Түркістан қаласына барды

21.01.2021

Түркістанда ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салынады. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында осыған қатысты келісімге қол қойылды. Жылына 1 млн-ға дейін техника шығаруға қуатты. Үкімет басшысы Асқар Мамин шежірелі шаһарға барып, құрылыс барысымен танысты. Облыс орталығы мәртебесін иеленгелі көне қала алып құрылыс алаңына айналды. Премьер-министр 570 орынға шақталған көпбейінді аурухананың, «Керуен сарайы», қазақ драма театры, ғылыми-әмбебап кітапхана мен Тұңғыш Президент саябағы, дендропарк пен ботаникалық бақтың құрылыстарын аралады. Қалада жаңа қонақ үй мен халықаралық туризм университетінің ғимараты пайдалануға берілді. Ал биыл көктемде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті осы қалада өткізу жоспарланып отыр. Асқар Мамин маңызды шараға дайындық мәселелері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.  

Уктам Аблакулов, инвестор: 
-Біз бүгін қазақстандық компаниямен меморандумға отырдық. Бірлескен кәсіпорын ашамыз. Біздің бренд Қазақстанға жақсы таныс. Бағасы мен сапасы көңілге қонымды. Инвесторлардың жұмыс істеуіне мұнда барлық жағдай жасалған.   

Асима Нұрбайқызы  


Хабарламаларға жазылу