Өткен тәулікте инфекция белгілері бар пневмонияға 131 адам шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте инфекция белгілері бар пневмонияға 131 адам шалдыққан

21.01.2021

Шет елдерден ПТР-анықтамасыз ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды. Олар елімізге 19-шы қаңтар күні келген, қазір бақылауға алынған. Енді елдегі эпидахуалға тоқталсақ, жағдай күн санап күрделеніп барады. Кеше мың бір жүз сексен адамнан короновирус анықталды. Ал, инфекция белгілері бар пневмонияға 131 адам шалдығып, 2 науқас қайтыс болған. Әлі де 25 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу