Шымкентке 100 мың «Спутник V» вакцинасы жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке 100 мың «Спутник V» вакцинасы жеткізіледі

21.01.2021

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын сатып алу туралы келісімшарт әзірленуде. Осы құжат мақұлданатын болса, мегаполиске екпенің алғашқы легі осы жылдың ақпан айының басында әкелінбек. Вакцина ең алдымен инфекциялық ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем және емханалардағы мобильді топ қызметкерлеріне салынады. Жалпы осы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін екпенің 100 мың данасы жеткізіліп, кезең-кезеңімен қала тұрғындарына салынады. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу