Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына барды

20.01.2021

Петропавлда тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған вагондар құрастырылып жатыр. Мұнда жылына 1200 вагон шығады. Үкімет басшысы Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында зауытқа барды. Өндіріс орнында 200 адам жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, «Qyzyljar» экономикалық аумағындағы электр техникалық өнімдерін өндіретін жаңа зауыттың құрылысымен де танысты. Жоба құны – 10 млрд теңге. Жалпы, облыс агро, өңдеу өнеркәсібінде, басқа да салаларда үлкен әлеуетке ие. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 779 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары.   

Асима Нұрбайқызы                                                            


Хабарламаларға жазылу