Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану ережесі бекітілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану ережесі бекітілуі тиіс

20.01.2021

Үкімет зейнетақының бір бөлігін беру ережесін бекіте алмай әлек. Жинақтағы ақшаны жыл басынан пайдалану бойынша заң күшіне еніп кетті. Дейтұрғанмен зейнетақы төлемдерін бөлу тәртібі әлі кешіктірілуде. 761 мың адам сол ережені күтіп отыр. Осы ретте Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-Министр мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдады. Сондай-ақ депутат үйді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге азаматтардың наразы екенін айтты.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Азаматтардың қарапайым өмірлік жағдайлары ескерілмеген. Яғни басқа өңірге көшу, тұрғын үй жағдайын ары қарай жақсарту жоспарлары бар ғой. Президент тапсырмасы мен халықтың үмітін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша қажетті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетіп, 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін іске қосуды сұраймын.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу