Жамбыл облысында мас күйінде пышақтасқан жоғары шенді полиция қызметкерін іздестіру жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында мас күйінде пышақтасқан жоғары шенді полиция қызметкерін іздестіру жұмыстары жалғасуда

15.08.2017

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Үмбеталиев оқиға орнынан бірден ізін суытқан.

Естеріңізге сала кетейік, 10-тамызда бұрынғы полиция қызметкері Жетпіспаев пен Үмбеталиев арасында қақтығыс орын алған. Салдарынан Үмбеталиев Жетпіспаевты пышақпен бірнеше рет жарақаттап, оқиға орнынан жасырынған.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу