Ресей көкөніс тасымалына шектеу қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей көкөніс тасымалына шектеу қойды

19.01.2021

Қазақстан Ресейдің арадағы сауда келісімін бұзғаны үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға шағымданады. Жауаптылар қызанақ пен бұрышты көрші елге экспорттауда қолдан жасалған кедергі бар, дейді. Екі облыстан Ресейге қызанақ тасымалдауға кешеден бері тыйым салынған. Олар көкөністе қауіпті вирус бар деп, тауарды кіргізбей отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамын қайта талдап, тіпті оны Нидерланды лабораторияларына да жіберген. Ешқандай вирус анықталмаған. Мемлекеттік инспекция комитеті Ресейдің бұл әрекеті Еуразиялық экономикалық комиссия шартын бұзып отыр деп санайды.   

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу