Былтыр Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің штаты 10 пайызға қысқарған. Биыл ақпанның соңына дейін тағы да 15 пайызға оңтайландырылмақ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президент қабылдауында мәлімдеді. Кездесуде Агенттіктің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.
Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасын қабылдады. Былтыр қор компаниялары активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жеткен. Ахметжан Есімов отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстар туралы баяндады. Соңғы 2 жылда сатып алулар бойынша 410 миллиард теңге үнемделген. Кездесу соңында Президент Ахметжан Есімовке бірқатар тапсырма берді.
Фариза Мұсақызы