Жапонияда енді «вакцинация министрі» бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда енді «вакцинация министрі» бар

19.01.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем «рухани апат» алдында тұр деп мәлімдеді.  Бұған «ковидке» қарсы вакцинаның әлем елдері арасында тең бөлінбеуі себеп. Осы уақытқа дейін вакцинаның 39 миллион дозасы 50-ге тарта ауқатты мемлекеттерге таратылса, кедей елдердің біріне екпенің тек 25 дозасы берілген. 

Вирустың өршуі Африка елдерінде де байқалып отыр. Оңтүстік Африка ауруханалары науқастарға лық толы, мәйітханаларда орын жоқ. Елде күніне 20 мыңдай адамнан «ковид» анықталуда. Мұнда пандемия басталғалы індеттен 37 мыңнан астам адам көз жұмды.

Ал Жапонияда енді «вакцинация министрі» бар. Аталған қызметке әкімшілік реформалар министрі Таро Коно тағайындалған. Ол азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе алуын қадағалайтын болады. Елде ауқымды науқан ақпанда басталады деп жоспарланып отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу