Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

19.01.2021

Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.  

«Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақтың рөлін шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.  

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Тұңғыш президент: Әлімғазы ақсақал ұлттық киноның ұмытылмас бейнесі мен өзіндік із қалдырған талант иесі екенін атап өтті. Оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында мәңгі сақталады деді.

Дәл қазір «Абай» телеарнасында Әлімғазы Райымбековтің өміріне арналған «Дара жол» бағдарламасы көрсетіліп жатыр. Одан соң танымал актер басты рөлді сомдаған «Тақиялы періште» көркем фильмі көрсетіледі.  

Нысаналы Ығыл  


Хабарламаларға жазылу