Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Цой

19.01.2021
Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айының соңында елде коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады.

«Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ.

Ал реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар. 45 мың төсек-орын толуы мүмкін. Денсаулық саласына салмақ түсірмеу үшін бұл жағдайда қатаң карантин енгізуге әкеп соғады», - деді министр Үкімет отырысында.


Хабарламаларға жазылу