Үкімет құрамы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет құрамы бекітілді

18.01.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады. Премьер-министр болып Асқар Мамин өз жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, Әлихан Смайылов, Ералы Тоғжанов және Роман Скляр премьердің орынбасары болып қалды. Ал Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі қызметімен қатар, Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды.  

Жалпы, Министрлер кабинетінің өзге мүшелерінің көпшілігі өз орындарын сақтап қалды. Тек екі министр ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Серік Шәпкенов, Ұлттық экономика министрлігінің басшысы ретінде Әсет Ирғалиев тағайындалды.

Фариза Мұсақызы 


Хабарламаларға жазылу