Қазақстанда 1 млн-ға жуық бала кедей отбасында өсіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1 млн-ға жуық бала кедей отбасында өсіп жатыр

17.01.2021

Коронавирус пандемиясына дейін әлемде әрбір алтынша бала ашқұрсақ жүрген. БҰҰ есебі бойынша 352 млн бала өте кедейшілікте өмір сүріп жатқан. Ал пандемия басталғалы ахуалдың тіпті нашарлағаны сөзсіз. Ал «ЮНИСЕФ Қазақстан» мәліметінше, біздің елдегі балалардың 15 пайыздан астамы, яғни 1 млн-ға жуығы кедей отбасында өсіп жатыр. Сонымен бірге 2020 жылдың статистикалық қорытындысы Қазақстандағы кедей халықтың 83 пайызы көпбалалы отбасылар екенін көрсетіп отыр.  

Бірақ бізде «балалар кедейлігі» деген түсінік қалыптаспаған, тиісінше мемлекеттік саясатта нақты жүргізілмейді. Бұл үнемі жетпейтін тіршіліктен ығыры шығып, рухани күйзеліске түсетін адамдар армиясын толықтыра береді. Тақырыпты Данияр Қайыртай тарқатады.


Хабарламаларға жазылу