Елімізде салық кодексі қайта қаралмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салық кодексі қайта қаралмақ

15.01.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған депутаттармен Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының айтуынша салық кодексі елімізде бизнес жүргізуге қолайлы болуы керек. Өйткені, онда кәсіпкерлерлікті дамытуға кедергі келтірер нормалар әлі бар. Сондықтан алдағы уақытта жауапты министрлік өкілдері мен халық қалаулылары кодекстің үтір, нүктесіне дейін қайта қарап шығуы керек. Қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бастысы ол бәсекелестік пен бизнес белсенділікті арттыруы керек деді Президент.  

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу