Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды

15.01.2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы лауазымына қайта сайланды. Енді ол алдағы 5 жыл төменгі палатаны басқарады. Бүгін VII шақырылымдғаы Мәжілістің жалпы отырысы өтіп, жаңа төрағаның кандидатурасы жасырын дауыс беру арқылы бекітілді. Осы мақсатта жеті депутаттан тұратын санақ комиссиясы құрылып, 100 бюллетень берілді. Аталған комиссия төрағасы Мұхтар Ерман жарамсыз бюллетень болмағанын және барлығы Нұрлан Нығматулинді жақтап дауыс бергенін айтты. Ал сайланған спикер әріптестеріне алғыс білдірді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке - Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл - мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан да әрқашан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу