Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды

15.01.2021
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды

Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. 

Төменгі палатаның депутаттары Нұрлан Нығматулиннің палата спикерлігіне сайлануына бір ауыздан дауыс берді. Яғни, оның кандидатурасын 100 депутат қолдады, қарсы дауыс бергендер жоқ.

«Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде болып, өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасының сынына шыдас берген, қазақша айтқанда, от пен судан өткен тұлға. Нұрлан Нығматулиннің Мәжіліс төрағасы ретіндегі қызметті танытқан талапшылдығын, іскерлігін, жауаптылығын біз алтыншы шақарылым кезінде өз көзімізбен көріп, күн сайын куә болып жүрдік», - деді депутат Сауытбек Абдрахманов.





Хабарламаларға жазылу