Көкжайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық саябағына қайтару басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкжайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық саябағына қайтару басталды

13.01.2021

Қыркүйекте осы істі жеңілдету бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзетулер енгізілген. Ал 20 желтоқсанда Алматы әкімдігі қаулы шығарып, Туризм департаменті шатқал аумағын ақысыз пайдалану құқығын тоқтатқаны белгілі болды. Еске салайық, 2014 жылы Үкімет қаулысымен Іле Алатауы ұлттық саябағының 1 мың гектар жері «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысы үшін берілген. Бұл шешімге қоғам қайраткерлері мен экологтар қарсы шықты. 2019 жылы Мемлекет басшысы белсенділердің пікірін ескеріп, шатқалда тау-шаңғы курортының құрылысын тоқтатқан.  


Хабарламаларға жазылу