Елімізде 23 мыңнан аса тұрғын коронавирустан емделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 23 мыңнан аса тұрғын коронавирустан емделіп жатыр

13.01.2021

Вирус жұқтырғандар саны әлі де азаяр емес. Кеше тағы 766 адамнан ковид анықталған. 584 адам бұл індеттен жазылып шыққан. Ал, вирус белгілері бар пневмонияға бір тәулікте 124 адам шалдығып, 4 науқас қайтыс болды. Жалпы, қазір 23 мыңнан аса тұрғын коронавирустан емделіп жатыр. Оның 5 700-ден астамы стационарда, 18 мыңға жуық науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. 


Хабарламаларға жазылу