Goszakup.gov.kz ресурсына шабуылдаушы 2 жылға сотталды

13.01.2021

Goszakup.gov.kz ресурсына шабуыл жасаған азаматқа қатысты үкім шықты. Ол 2 жылға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ, электронды мемлекеттік сатып алу саласымен айналысу құқынан 3 жылға айырылды. Оқиға былтыр тіркелді. Ұсталған кибершабуылшы интернет ресурсты бұзып, салдарынан жалпы құны 164 млрд теңгенің 7900-ден астам мемлекеттік сатып алу рәсімі ауыстырылған болатын.


Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу