Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

13.01.2021

Қарағанды облысында ақтүтек боран салдарынан түнде жолда қалған 9 адам құтқарылды. Төтенше жағдай қызметінің құтқару операциялары Абай, Бұқар-Жырау және Осакаров аудандарының жолдарында жүргізілген. Қар құрсауында қалған онға жуық автокөлікті шығарып, жолаушыларды жақын маңдағы елді мекендерге жеткізген. 

Сонымен қатар Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылынан ауырып қалған нәрестені Теміртау қаласының ауруханасына апарған. Облыс аумағында құбылмалы ауа райы әлі де сақталатындықтан, төтенше жағдай қызметі алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр. 

Ербол Байғазиев, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:
Шектеулерге қарамай жолға шығып кеткендер сол қар құрсауында қалып, сосын төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен ғана эвакуацияланды. Теміртау қаласының ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы бірқалыпты.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу