Таулы Қарабақ мәселесі бойынша үш жақты кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақ мәселесі бойынша үш жақты кездесу өтті

12.01.2021

Мәскеуде Таулы Қарабақ мәселесі бойынша үш жақты кездесу өтті. Оған Ресей, Әзірбайжан президенттері мен Армения премьер-министрі қатысты. Мемлекет басшылары жаңа шекараларды анықтау, жолдарды ашу және тұтқынға түскендермен алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар Қарабақ өңірін бірлесе дамытуды жоспарлап отыр. Айта кетсек, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашиянан кездесуде бір-бірімен амандасқан жоқ.  

Жансая Қапасқызы 


Хабарламаларға жазылу