ШҚО-да дауылдан 5 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да дауылдан 5 адам зардап шекті

18.07.2017

Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын дауылдан 5 адам зардап шеккен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрді болады деп болжанған.  Алайда, табиғаттың тосын мінезі бұл болжамнан асып түсіп, желдің екпіні секундына 35 метрге жеткен.Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, дәл осындай қатты жел Жамбыл облысы мен көрші бірнеше мемлекетте тіркелген. Төтенше жағдайлар қызметі табиғаттың мұндай тосын мінезіне ғылыми тұрғыда жауап іздеу керек дегенді алға тартты. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу