Киіктер қырылып жатыр
Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағынан киіктердің өлексесі табылды. Табиғат қорғаушылары 14 бас киік өлексесін тапқан. Жуық арада әлеуметтік желі қолданушылары да түз жануарларының аяз салдарынан жүдеп-жадағаны турасында айтып, дабыл қаққан еді. Жауаптылар мұны желтоқсан айында киіктердің қоныс аударуымен, күйек мезгілімен байланысты деп отыр. Бұл кезде әлсіздері үйірден шығып қалып, омбы қардан болдырып шығын болады екен.
Қарағанды облысының өзінде биыл 20 мыңға жуық киік қыстап қалған. Осы аптада табиғат қорғаушылардан жасақталған үш топ Жаңаарқа және Нұра аудандарына аттанды.
Мақсат Мұқанов, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылық мекемесінің директоры:Біздің мекеме тарапынан 3 топ кетті, сол жақта жүр. Шөп салып жүр далада. Бұлар аяздан өле қоймайды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17
Филиппин аралдарында зілзала салдарынан 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 10:15
Талдықорғанда 3 жасар қызын ұрып-соққан әкеге сот үкімі шықты
09.06.2026, 10:14
Ақтауда мүгедектігі бар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
09.06.2026, 10:12
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12