Соңғы бір аптада Қазақстанда коронавирустан 30 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы бір аптада Қазақстанда коронавирустан 30 адам көз жұмды

12.01.2021
Соңғы бір аптада Қазақстанда коронавирустан 30 адам көз жұмды

4 және 10 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 30 адам көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы - 4 
Алматы қаласы - 8 
Ақтөбе облысы - 2 
Алматы облысы - 4 
Атырау облысы - 3 
Шығыс Қазақстан облысы - 4 
Жамбыл облысы - 1 
Батыс Қазақстан облысы - 1 
Қостанай облысы - 1 
Павлодар облысы - 2

Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 349 адам қайтыс болды. 

Айта кетерлігі, індеттің таралуы бойынша Ақмола, Қостанай облыстары «қызыл» аймақта, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, СҚО, Атырау, Павлодар облыстары «сары» аймақта болса,  қалған өңірлер «жасыл» аймақта. 


Хабарламаларға жазылу