Жемқорлықпен ұсталғандардан ел бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді

11.01.2021

Нұр-Сұлтанда жемқорлық фактісімен істі болғандардан ел бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді. Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша 2020 жылы пара алу беру, бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 192 іс қозғалған. Оның 126-сы сотқа жолданды.

Олардың ішінде өңірлік электр желісі компаниясының лауазымды қызметкерлері, бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі мен өзге де экс-шенеуніктер бар. Олардан қазынаға бас-аяғы жеті жарым миллиард теңге қайтарылған. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу