Ақтөбеде алапат дауылдан тұрғын үй зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алапат дауылдан тұрғын үй зардап шекті

03.07.2017

Ақтөбеде алапат дауыл болды. Соның салдарынан құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Батыс-2 ауданында екі кран құлап, 9 қабатты үйдің үш балконы қирады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға қас пен көздің арасында болған. Қатты дауыл соғып, шатырлар ұшқан. Көліктер де зақымданған. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеген. Қазір төтенше жағдайлар қызметі шығын көлемін есептеп жатыр.

Айта кететін жайт, Ақтөбенің бұл ауданындағы тұрғын үйлердің барлығы жаңа. Дауыл кезінде зардап шеккен үй 2012 жылы пайдалануға берілген.

Хабарламаларға жазылу